ТЫШҚАН ҚАЛАЙ ЖАҚСЫ ОҚУШЫ АТАНДЫ

Пікір қалдыру

Ойнап жүрген Тышқан көзілдірік тауып алды. Ол дереу ініне келіп анасына:

— Анашым, мынаны қара, — деп көзілдірікті көрсетті.

— Бұны қайдан алдың? — деп сұрады анасы.

— Тауып алдым, – деді баласы.

— Бұның не екенін білесің бе? – деп анасы сынай қарады.

— Жоқ, бұл не, әйнек пе? – деп баласы көзілдірікті айналдырып қарады. More

Advertisements

ҚҰМЫРСҚА МЕН ШЕГІРТКЕ

Пікір қалдыру

Баласын жем іздеуге баулып жүрген Құмырсқа пісіп тұрған бидайдың басын иіп алып жеп тұрған шегірткеге кез болды. Онымен:

— Ассалаумағалейкум, Шегіртке, — деп амандасты да: — Оу, Адамның маңдай терімен еңбек етіп пісірген бидайын сен қалай рахаттанып жеп тұрсың? — деп сұрады.

— Осыншама жерді алып жатқан бидайдың бір түйірін жесем Адамның несібесі кеми қоймас. Жылдағы әдетім осы, жаһанды жалпағымнан басып келем де бидайды жей берем. Бұдан кедей болып қалған Адамды көрген емеспін, оның көйлегі де көп, көңілі де тоқ, — деп жауап берді Шегіртке. More

ТУҒАН ТОПЫРАҚ

Пікір қалдыру

Ертеде бір бағбанның алма бағы болды. Көктемде бағбан алманың әр түрінен қиып алып көшеттер отырғызды. Бүршік жарып көктей бастаған жас шыбықтар бой түзеп, айналасына көз тікті. Алма көшетінің орта тұсында саптын шыға бір шыбық өсіп келеді. Сыртқы пошымы да басқаша. Ұзын бойында тікенек секілді түктері бар. Бойы тез өсіп, ұшар басына томпиып бірдеңе пайда болды.

Бір күні таңертеңгісін Жас шыбық өз көзіне өзі сенбей таң қалды. Оны таңдандырып жүрген томпиған нәрсе әп-әдемі гүлге айналып кетіпті. Түсі қып-қызыл. Ал қызыл гүлге көзі тоймаған Жас шыбық Үлкен талдан:

— Үлкен тал, бізге еш жері ұқсамайтын мынау қандай ағаш. Гүлі қандай керемет, — деп тамсана сұрады.

— Бұл ағаш емес, — деп түсіндірді Тал, — Әлемде теңдесі жоқ таңғажайып гүлдер бар. Мынау соның бірі, аты — Раушан, жұпар шашып, айналасын хош иіске бөлейді, — деді.

— Ол бұл жерге қалай пайда болды?

— Олардың өз мекендері бар. Ал мына Раушанның дәні күзде ұшады. Күзде Жел бір дәнді осында әкеп тастаған. Қыс бойы топырақ астында жатқан дән көктем шыға көктеп, міне, керемет гүлге айналды.

— Иә, Раушан десе, Раушан екен. Шіркін, мен де Раушандай сұлу болсам ғой, — деген Жас шыбық “Желге айтып, Раушанның мекеніне қоныс аударсам қайтеді” деп армандады. More

ҚОҢЫР ҚОНЖЫҚ

Пікір қалдыру

Қоңыр Қонжық енесінің еркесі. Бал жегісі келсе бақырып жылайды. Енесі жүгіріп барып бал құйып береді. Ол үнемі бақырып жылап достарына да айтқанын істетеді. Бір күні Қонжықтар Куаалалармен футбол ойнады. Ерке Қонжық қанша тырысса да допты бір рет те тебе алмады. Ол еркелеп, жылап жүріп футбол ойнауға еш машықтанбаған еді. Қатты ызаланған Қонжық отыра қап тағы да бақырып жылады. Бірақ достарының Қонжықты жұбатуға мұршалары болмады. Өйткені олар ерке Қонжыққа алаңдаса Куаалалардан жеңіліп қалулары мүмкін еді. Жылай-жылай тамағы қарлыққан ерке Қонжық бір кезде орнынан атып тұрып: More

Пангея

Пікір қалдыру

ПАНГЕЯ

 

(ертегі)

Есте жоқ ерте заманда ғаламшарда бір кезбе жұлдыз жоқтан пайда болды. Оның бетін су қаптап тұрды. Судың бетін ауа көмкірді. Ол есейіп ес жиып, жан-жағына көз тікті. Сол сәт бір алып жіп алыстан ұшып келіп сарт етіп беліне оралды да кетті. Қараса сап-сары, жарығынан көз қаритын, бетіне қарауға қаймығатын бір дәу:

– Әй, Жер, мына жіптен мықтылап ұста! – деп бұйырады.

– Менің атым Жер ма сонда, сіз кімсіз? – дейді ол көзін көлегейлеген күйі.

– Мен Күнмін. Сен секілді кезбе жұлдыздарға құрық салып қою менің міндетім. Әйтпесе, мынау шексіз кеңістікте кезіп, қаңғып жоқ болып кетулерің мүмкін, – деді.

Күннің «жоқ болып кетулерің мүмкін» деген сөзінен қорқып кеткен Жер алып жіптен шап беріп ұстап алады да, қалықтай қозғалып, тізгінен Күнге беріп кете береді… More

«Мінбер»

Пікір қалдыру

Бүгін «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының екі күндік семинарындамыз. Алғаш рет өзіме блок аштым. Қатты қуаныштымын. Алла қаласа алдағы күндерде блогыма ертегілерімді орналастырамын.